2018 жылдың 24-25 шілдесінде Астана қаласында «Қазтеміртранс» АҚ аймақтық филиалдарының директорларының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша және келешекке арналған мақсаттар туралы есеп беру отырысы ө

25.07.2018

Отырыс барысында, қазіргі басқарма төрағасы (Бас директор) міндетін атқарушы К.Е. Сүлименов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында вагондарды жөндеу мен жұмыс паркін кеңейту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету міндеттері 100% атқарылды деп атап өтті. Республиканың вагон жөндеу мекемелері «Қазтеміртранс» АҚ-ның меншігіндегі жүк вагондарын жөндеу жоспарын толықтай және келісімшартттарға сәйкес орындады. 2017 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда, вагондарды жөндеу мекемелерінің жөндеу сапасының орташа коэффициенті 0.001-ге жетілдіріліп, 2018 жылдың 1 шілдесінде жағдай бойынша жұмыс істемейтін вагондар 5946-ға азайды.Өңірлік филиалдардың вагон паркін қамтамасыз ету бойынша жүргізген іс-шаралары нәтижесінде «Қазтеміртранс» АҚ вагондарының бұзылу жағдайларының саны өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 58% -ға азайды.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы филиалдарда негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуде оң өзгерістер байқалады.

Басқарма төрағасы (Бас директор) Қайрат Сүлименов аймақтық филиалдардың директорларына: - 2018 жылдың екінші жартысындағы компанияның басты міндеттері- вагондардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылату, вагон паркін дұрыс ұстау және «Қазтеміртранс» АҚ табысын арттыру, – деді.

Осы мақсаттарға жету үшін, ең алдымен, келесі мәселелерді шешу қажет:

- вагондарға зақым келтірмеу және өндірістік емес шығындарды азайтудың алдын алу үшін вагондарға жүк тиеу мен жүк түсіру технологиясын қатаң сақтауды қамтамасыз ету;

- технологиялық процестерге қойылатын талаптар бойынша филиалдар қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру;

- вагондардың станция жолдарында жөндеу жұмыстарын күтіп тұрып қалмауын азайту және жөндеуден кейін оларды дер кезінде жалға беру және кіріс алу;

- тауар және материалдық құндылықтарды - вагондарды жөндеуге арналған давальдік қосалқы бөліктерді, жолдар мен бөлшектерді «ҚТТ» АҚ автоматтандырылған жүйесі «Қойма есебі» арқылы тиімді басқару .

Кездесудің қорытындысы бойынша, алға қойылған міндеттерді орындауды филиалдар қызметінің негізгі көрсеткіштеріне енгізу туралы шешім қабылданды.

knll1.jpg knll2.jpg knll3.jpg

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі