Moody’s «Қазтеміртранс» АҚ рейтінгін жеке бизнес-себептеріне байланысты қайтарып алды

24.07.2018 2018 жылдың 20 шілдесінде Moody’s халықаралық рейтінгілік агенттігі рейтинг агенттігінің ішкі саясатын сақтау мақсатында жеке бизнес-себептеріне байланысты «Қазтеміртранс» АҚ-нан рейтингін қайтарып алды. 

Moody’s-тің ішкі саясатына сәйкес, егер кепілдік беруші болып иегер компания табылған жағдайда, тік біріктірілген құрылымдық қызметі бар еншілес компанияның міндеттемелері бойынша, рейтингті баскепілдік беруші компания иеленсе жеткілікті. 

Бүгінгі күндегі жағдай бойынша «Қазтеміртранс» АҚ-ның қаржылық жағдайы тұрақты болып табылады. Standard&Poor’s деректері бойынша, оның рейтингісі «тұрақты» болжамымен» «ВВ-» деңгейінде тұрақтып тұр. «Қазтеміртранс» АҚ қарыздары бойынша кепілдік беруші компания болып «ҚТЖ» ҰК» АҚ табылады. 

Moody’s-дің ағымдық рейтингісі «ҚТЖ»ҰК»АҚ бойынша «тұрақты» болжамымен Ваа3-ті құрауда.