Компания басшылығы

4e7307d7e1c3f215e6d05f58211ae5aa.jpg

2004 жылы «Инженер» біліктілігімен «Вагондар» мамандығы бойынша М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының электромеханикалық факультетін үздік аяқтады. 2011 - 2013 жылдары «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша Қазақ көлік қатынастары университетінде оқып үздік аяқтады, техникалық ғылым магистрі дәрежесін алды. Қосымша білім алу аясында 2017 - 2018 жылдары MBA дәрежесі беріліп Alma U оқу бағдарламасын өтті.

Өз еңбек жолын «ЫРЫСТЫ – АЭВРЗ» АҚ бастады, онда 2004 – 2005 жылдары инженер – технолог болып істеді. 2005 жылдың қазанында «ТрансРефСервис» ЖШС техникалық бөлімнің жетекші маманы болып жұмысқа ауысты.

2006 жылдан бастап 2008 жылдың қаңтар аралығында – «КазРефТрансСервис» ЖШС логистика жөніндегі менеджер;

2008 жылдың ақпан – желтоқсан айлары – «Транс Реф Сервис» ЖШС директорының жөнелту жөніндегі орынбасары;

2009 жылдың қаңтар – маусым айлары - «Транспроектсервис» ЖШС коммерциялық директоры;

2009-2010 жылдары – «Универсал Логистик» ЖШС техникалық директоры.

2010 жылдың сәуірінен 2012 жылдың шілдесіне дейін – «UNIVERSAL LOGISTICS» ЖШС Басқарушы директоры.

2012 жылдың шілдесінен 2013 жылдың мамыр аралығында «UNIVERSAL LOGISTICS» ЖШС Бас директоры лауазымында болды.

2014 жылдың маусымынан бастап - «Interlog multimodal» ЖШС Құрылтайшысы және Бас директоры.

2018 жылдың қараша айынан бастап – KIT Кәсіпкерлер ассоциациясының Құрылтайшысы және Басқарма Төрағасы.

2019 жылғы 26 наурыздан бастап «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасының (Бас директордың) міндетін атқаруға кірісті.

29.06.2019 — «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы (Бас директор) лауазымына сайланды.   

Без имени-1.jpg

2001 жылы «Экономист-менеджер» мамандығымен «Әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді. Қосымша білім алу аясында «Басшылар үшін іскер әкімшіліктендіру магистрі» мамандығы бойынша Швейцария халықаралық бизнес мектебін (SBS) аяқтады, EMBA дәрежесі берілді. 2011 жылдан бастап Халықаралық қаржы есептігі бойынша ДипИФР дипломының, ҚР Қаржы министрлігінің кәсіби бухгалтері сертификатының иегері.

Б.Қ.Рахматуллин еңбек жолын 1983 жылы Целиноград Аудандық тұтынушылар қоғамының бухгалтері қызметінен бастады.

1992 жылдан 2006 жылға дейін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ҰК» ЖАҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖАҚ, «ҚазАгроҚаржы» ЖАҚ, «Казахойл-Секьюрити» АҚ, «КСБ групп» ААҚ, «Казахстанкаспийшельф» АҚ ҰҚК өкілдіктері сияқты ұйымдардың бас бухгалтер болып жұмыс істеді. 

2007 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде «Іскерлік әдеп пен тұрақты даму» Самрұқ Қазына» АҚ-ның қаржы талдаушысы, стратегиялық даму қызметі басшысының орынбасары, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ ішкі бақылау және аудит басшысы, Бухгалтерлік есеп және есеп беру департаментінің директоры- «Даму«Кәсіпкерлік дамыту қоры» АҚ бас бухгалтері қызметтерін атқарды.

2014 жылдың шілде айында Рахматуллина Б.К «ҚТЖ»ҰК» АҚ еншілес кәсіпорын «KTZ Express» АҚ Бюджеттеу және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры - Атқарушы директоры қызметіне ауысады.2015 жылы экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті, ал 2017 жылдың қарашасында «KTZ Express» АҚ қаржы жөніндегі Вице-президенті лауазымына ауыстырылды.

2018 жылғы сәуір айында «Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

fdheherhehewhtw.jpg

1994 жылы «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша «Инженер - механик» біліктілігімен Алматы автомобиль жолдары институтын, 2002 жылы – «Құқықтану» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін аяқтады. Қосымша білім алу аясында Іскер әкімшіліктендіру шебері дәрежесі тағайындалуымен Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін аяқтады. Техникалық ғылым кандидаты.

Еңбек қызметін 1994 жылы «Караспан» ЖШС коммерциялық директоры болып бастады. 1997 - 1999 жылдары «Алма Ойл» ЖШС бас директордың орынбасары, «НС» мұнай компаниясы» ЖШС бас директоры, 1999 - 2002 жылдары «Қазақойл» ЖАҚ және «Қазақойл-Продактс» ЖШС бас трейдері. 2002 жылғы ақпанда Президент істерін басқару жалпы мәселелері бойынша директор орынбасары болып ҚР Президенті аппаратына мемлекеттік қызметке, сол жылдың наурыз айында – істерді басқарушының орынбасары болып Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігіне ауысты.

2003 - 2011 жылдары директор лауазымында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ филиалы – Мәскеу қаласындағы өкілдігінде жұмыс атқарды.

2012 жылғы қаңтардан бастап 2013 жылғы наурыз аралығында «Нефтесинтез» НПП ЖШҚ (Мәскеу қ.) Басқарма төрағасының лауазымында болды.

2014 жылдан бастап 2018 жылғы желтоқсан аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директордың заң және кадр мәселелері бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 20 желтоқсаннан бастап «Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың орынбасары болып тағайындалды.

Марапаттаулар бар, соның ішінде ҚР Вице-Премьерінің Құрмет грамотасымен (2000 жыл), Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісінің Құрмет грамотасымен (2002 жыл), ҚР Президентінің «Құрмет» орденімен марапатталған.

фото.jpg

1960 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. 1981 жылы Ленин орденді және Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу теміржол көлігі инженерлері институтының «Бухгалтерлік есеп» және «Экономист» мамандығын бітірді.

Еңбек жолын 1981 жылы Алматы темір жолы Шу бөлімінің қаржы бөлімінің шығындарды бақылау ревизоры ретінде бастады, 1983 жылдың қыркүйек айында екпе ағаштарды қорғайтын Шу қашықтығында аға бухгалтер болып тағайындалды, ал 1984 жылдың мамыр айында- Шу қашықтығында электрмен жабдықтау / Шу энергоучаскесінде Бас бухгалтер болып 1996 жылдың мамыр айына дейін жұмыс істеді. 1996 жылдың мамыр айында Алматы теміржолының Жамбыл бөлімі Орталықтандырылған бухгалтериясының Бас бухгалтері болып тағайындалды.

1997 жылғы тамыздан бастап 2002 жылғы наурыз аралығында «Қазақстан темір жолы» РМК бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы- қаржы және бухгалтерлік есеп Бас бөлімінің Бас бухгалтері, содан кейін «Қазақстан темір жолы» РМК еншілес ұйым- «Жүк тасымалдау» МЕМ Бас бухгалтері болып жұмыс істеді. 2002 жылдың шілде айынан 2004 жылдың ақпан айына дейін «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ вагон шаруашылығы департаментінің экономика және қаржы бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы ретінде қызмет атқарды.

2004 жылғы ақпан айында «Қазтеміртранс» АҚ бухгалтерлік есеп бөлім басшысы ретінде жұмысқа кіреді. 2004 жылдан бастап 2017 жылға дейін әр түрлі жылдарда М.Н. Өзенбаев Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры, Бас есепші қызметтерін атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ-ның бухгалтерлік есеп департаментінің директоры - Бас бухгалтері болып тағайындалды.

be61a1c3974c141632c5a50ab15a736f.jpg

1999 - 2003 жылдары О.А. Жаутықов атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектепте оқыды. 2008 жылы инженер біліктілігі беріліп «Басқару жүйесінде автоматтандыру және ақпараттандыру» мамандығы бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін аяқтады.

Еңбек қызметін 2008 жылдың қаңтарында «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Корпоративтік есептікті қолдау және даму департаментінде менеджер лауазымынан бастады. 2008 жылдың мамыр айында Корпоративтік есептікті қолдау және даму департаменті деректер қоймасын қолдау басқармасының аға менеджері лауазымына ауыстырылды.

2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Ақпараттық технологиялар және СУО енгізу департаментінің 2-ші санатты менеджері лауазымы бойынша жұмысқа ауысты.

2011 - 2013 жылдары – «ҚазАтомПром» ұлттық атомдық компаниясы» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің менеджері.

2015 - 2016 жылдары – «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2017 жылдың шілдесінен желтоқсан айына дейін – «Біріккен химиялық компания» ЖШС Ақпараттық технологиялар қызметінің жетекшісі.

2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың ақпан айына дейін – «Софтлайн Сервисез» ЖШС сервистік сату бөлімінің бастығы (техникалық директор).

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Қазтеміртранс» АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.

khblbhkgbkj.jpg

Білімі жоғары. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтады.

Жоғары оқу орнын аяқтаған соң 1998 жылы Атбасар вагон жөндеу депосына ұста-маханикалық цехының бригадирі болып барды, 1999 жылы вагон жинақтау цехының шебері болып ауысты.

2000 жылы Астана пайдалану депосына ауысты, онда 2002 жылға дейін өндірістік-техникалық бөлімінің инженер-технологы, вагон қабылдаушы, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, Атбасар ст. Техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы болып жұмыс істеді.

2003 жыл – Алматы пайдалану депосының оқыту жөніндегі нұсқаушы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вагон шаруашылығы оңтүстік филиалының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор;

2004 жыл – «Казжелдортранс» АҚ Алматы филиалының бас инженері;

2005 жыл – «Кедентранссервис» АҚ еншілес кәсіпорны - «Трансрефсервис» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;

2007 жыл – «Атасу» ЖШС директорының орынбасары;

2010 жыл – «Атасу - Транс» ЖШС директоры;

2017 жыл – бірнеше көліктік-экспедициялық компаниялардың вагон паркін басқару мәселелері бойынша кеңесші.

2019 жылдың сәуір айында «Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

ZHA_7930.JPG

2000 жылы «Инженер» біліктілігімен «Тасымалдау үдерісін басқару» мамандығы бойынша Петербург мемлекеттік жол қатынастары университетін аяқтады.

Мәскеу қаласында РФ Президенті жанында халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясында, «Маркетинг» мамандығы бойынша Бизнес және іскер әкімшіліктендіру институтында оқыды, оны 2016 жылы аяқтады.

Еңбек қызметін 2000 жылы «Октябрьская ж.д.» Федералды Мемлекеттік Унитарлы кәсіпорнында бастады. 2001 - 2007 жылдары көлікпен байланысты түрлі компанияларда жұмыс істеді.

2007 жылы жүк тасымалын теңіз, теміржол, автомобиль көлігімен ұйымдастыру компаниясы «Интер Фрахт» ЖШҚ сауда директоры болып тағайындалды.

2008 - 2010 жылдары – «Восход» ЖШҚ габаритті емес тасымал бағытының жетекшісі;

2010 жылғы маусым - 2011 жылғы ақпан аралығы – «Авелана Логистик» көліктік-экспедиторлық комапния» ЖШҚ кедендік ресімдеу бастығы;

2011 жылғы наурыз - 2016 жылғы қазан аралығы - «РЖД Логистика» АҚ логистика жөніндегі директоры;

2016 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы шілде аралығы – «Көліктік Логистика» ЖШҚ логистика жөніндегі директоры;

2017 жылғы шілде - 2018 жылғы желтоқсан аралығы – Көмір металлургия холдингінде логистика департаментінің жетекшісі;

2019 жылғы 26 сәуірден бастап – «Қазтеміртранс» АҚ Бас директордың сауда жөніндегі орынбасары.  

лплоило.jpeg

2004 жылы «Инженер» біліктілігімен «Вагондар» мамандығы бойынша М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын үздік аяқтады.

2015 жылы Басқару және Логистика орталығында оқу өтті, Қазақстан Республикасының ұлттық экспедиторлар ассоциациясының орталығы. FIATA халықаралық жүк экспедиторы дипломы.

Еңбек қызметін 2005 жылы коммерциялық компанияда бастады.

2012 - 2017 жылдары бірнеше көлік компанияларында директор болып жұмыс істеді.

2018 жылы «Interlog multimodal» ЖШС басқарушы директоры болып тағайындалды.

2019 жылғы 30 сәуірден бастап «Қазтеміртранс» АҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры. 

ололлол.jpeg

2006 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей Мемлекеттік университетін аяқтады.

Қазақ Гуманитарлық-Заң Инновациялық университетінде оқыды, оны 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

2019 жылы Қазақстандық-Британдық техникалық университетінде, Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық университетінде «Мұнай саласында тиімді басқару» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған.

Еңбек қызметін 2006 жылы Семей қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бастады. 

2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмысқа кірісті.

2013 жылы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры болып тағайындалды.

2014 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ департамент директорының орынбасары.

2017 жылы Ақтау қ. «Oil Construction Company» ЖШС бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылғы 4 маусымнан бастап «Қазтеміртранс» АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.