Бірінші марафон: "Өзгерістер игілігіне!

Бірінші марафон: "Өзгерістер игілігіне! 01.10.2019

Біздің әріптесіміз, бизнес трансформациясы жөніндегі бас сарапшы Әділет Бақытұлы 30-39 жастық санатта ҚТЖ-ның бірінші марафонында бірінші орынға ие болды.

Өткен демалыста "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастырған "Бірінші марафон: "Өзгерістер игілігіне! Бірінші бол!" бұқаралық марафон өтті.

2, 5, 10 және 21 шақырым жүгіріс "Астана" триатлон-паркінде өтті. Жарысқа 350-ден астам теміржолшы - корпоративтік қор басшыларының, филиалдар мен еншілес ұйымдардың өкілдері, "ҚТЖ" ҰК"АҚ компания тобының қызметкерлері, соның ішінде өңірлерден қатысты. 

Қатысушылар арасында – 29 теміржолшылар отбасы және 9 сала ардагерлері. 

Теміржолшылар негізінен 10 және 21 шақырым қашықтықты таңдаған. 

30-39 жастық санатта 21 шақырым қашықтықта бірінші болып мәреге «Қазтеміртранс» АҚ бизнес трансформациясы жөніндегі бас сарапшы Әділет Бақытұлы келді. "Ондықта" ең жүйрік болған теміржолшы Артем Ряполов (30-39 жастық санат) – 37 минут және 3 секунд.

Әйелдер арасында 40-49 жастық санатта 5 шақырым қашықтықты бәрінен бірінші болып Алмагуль Шуншалина - 36 минут 37 секундта меңгерді. Ол темір жол саласында 20 жылға жуық еңбектеніп жүр.

Жарыс қорытындысы бойынша әр қатысушыға медальдар табысталды. Жеке сынақта жүлделі орынға ие болған атлеттер бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталды. Бұған қоса жеңімпаздар сыйлықтарды Марат Жыланбаев, Болат Жумадилов, Мерей Акшалов сияқты атақты спортшылардың қолынан алды.

«Бұндай жарыстарды өткізу - салауатты өмір салтын насихаттауға, Компанияның ішкі қарым-қатынасын және имиджін қалыптастыруға бағытталған "ҚТЖ" ҰК" АҚ корпоративтік мәдениетін жетілдіру стратегиясының үлкен бөлігі", - деп белгіледі "ҚТЖ" ҰК" АҚ HR жөніндегі басқарушы директоры (персоналды басқару жөніндегі басқарушы директор) Тамила Микулич.