Біздің қызметкер – дуатлонда бірінші

Біздің қызметкер – дуатлонда бірінші 06.05.2019

«Қазтеміртранс» АҚ даму департаментінің бизнес трансформация жөніндегі бас сарапшы Әділет Бақытұлы Түркістан қаласында «TEMIRADAM» ДУАТЛОН кубогының 1-ші кезеңінде БІРІНШІ орынға ие болды.

Жарыс Қазақстан өңірлерінде триатлонды әйгілеу аясында Түркістан облысында өтті. «TEMIRADAM» кубогының 1-ші кезеңінің бастауы «спринт» дистанциясында дуатлон бойынша өтті, бұл 5 шақырымға жүгіру, 20 шақырым веложарыс.

Жарысқа Нұр-Сұлтан (Астана), Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы, Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарының спортшылары қатысты.

Қорытынды бойынша ерелер арасында жеке өнер көрсетуде үздік нәтижені біздің әріптесіміз Әділет Бақытұлы Е 35-39 жастық санатта көрсетті. Ол «спринтер» дистанциясын 1 сағат 12 минут 25 секундта бағындырды. Лидерден үш секундқа кешігіп Қарағанды облысының өкілі Болат Утегенов жол берді. Оның уақыты 1 сағат 12 минут 28 секунд. Үздіктердің үштігін астаналық спортшы Жомарт Утемисов 1 сағат 19 минут 7 секунд нәтижесімен жапты.

Спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз! 

5cc57971c4801.jpg