2019 жылғы 1 ақпаннан бастап вагон операторының қызметтерін көрсету шарттары және жүк қатынастарының барлық түрлерінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету шарттары "Қазтеміртранс" АҚ сату кеңселерімен жасалады.

28.01.2019 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондардың (жабық вагондар, жартылай вагондар, әмбебап платформалар) әмбебап паркін тасымалдауға ұсыну қызметтері вагон операторының қызметтерін көрсету шарттары, сондай-ақ жүк қатынастарының барлық түрлерінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету шарттары бойынша "Қазтеміртранс" АҚ сату кеңселерімен көрсетілетін болады.

"KTZ Express" АҚ әрекет еткен вагон операторының қызметтерін көрсету, көліктік экспедиция қызметтерін көрсету шарттары, сонымен қатар тарифтік шарттар 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі жылжымалы құрамды тасымалдауға ұсыну өтінімдерін беру процесін әрі қарай іске асыру үшін жарамсыз.
"Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі вагондарда жүк тиеудің үздіксіз процесін жүзеге асыру мақсатында жүк иелеріне немесе мүдделі тұлғаларға "Қазтеміртранс" АҚ-мен тиісті шарттар жасасу қажет.

Шарттарды жасасуға қатысты толық ақпаратты Астана қаласындағы телефон нөмірлері арқылы білуге болады:

- вагон операторының қызметтерін көрсету шарттары, сондай-ақ Достық/Алтынкөл пайд. станцияларында вагондарды ұсыну шарттары бойынша:

613 676
613 675
613 673
613 674

- көліктік экспедиция қызметтерін көрсету шарттары бойынша:

611 349 (ішкі 420, 327, 334, 188, 416, 417).

Шарттарды жасасу бойынша хаттарды қарастыруға өтінімдер реквизиттері белгіленіп, сонымен бірге құрылтай құжаттардың көшірмелері салынып "Қазтеміртранс" АҚ - "Вагон паркі дирекциясы" филиалының директоры С.А. Жолдыбаевтың атына жазбаша ресми сұрау жолдау арқылы sales@kaztt.kz электрондық поштаға қабылданады.

«Қазтеміртранс» АҚ баспасөз қызметі