Кәсіподақ

Кәсіподақтың жаңа міндеттері мен қызметтерінің нәтижелері

2013 жылы Астанаға көшкен «Қазтеміртранс» АҚ-ның орталық кеңсесінде және филиалдарында «Темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық кәсіподақ саласы» ҮЕҰ құрамына кірген, алғашкы кәсіподақ ұйымы құрылды.

Жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестігінде және тепе-теңдік қағидаты ынтымақтастығында кәсіподақ ұйымының қызметі негізделген. Кәсіподақтың қатысуы келістіруші комиссиясында, әлеуметтік еңбек қарым-қатынасында, әлеуметтік мәселелерді қарауда, моральдық ынталандыру мәселелерінде және т.б ұсынылған.

2015-2016 жылдар кезеңінде кәсіподақ жұмысы әр түрлі бағытта жүргізілді.

«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, қол қойылды және оған қосымша үш қосымша келісімге қол қойылды, келісімгн сәйкес Қоғамның орталық аппараты қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы жақсартылды. Бұл - жолаушылар поездарында өзіне және өзінің асырауындағы жанға жылына бір рет жүруге, Қазақстандағы және жақын - алыс шет елдердегі санаторилерде, медициналық орталықтарда сауықтыру, бір реттік материалдық ынталандыру және т.б. мүмкіндіктер. Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа байланысты зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге арналған барлық төлемдер сақталады.

Кәсіподақ комитет өтініштерді қарайды және кәсіподақ мүшелерінің еңбек және кәсіптік құқықтарын қорғау бойынша шаралар жүргізеді, жұмыс берушінің кәсіподақ қызметкерлерімен еңбек шартын бұзу туралы өтініші бойынша дәлелді пікірін береді. Әлеуметтік мәселелер шешіледі. Мәселен, 2015-2016 жылдар аралығында кәсіподақ комитеті өтініштерді қарады және материалдық көмек көрсетудің мынадай түрлерін ұсынды:

  • Бала туғанына байланысты кәсіподақ мүшелерінің 75 мүшесі 755 мың теңге;
  • Кәсіподақтың 14 мүшесіне санаторилерде емдеулу үшін 500 мың теңге;
  • Жақын туыстарының қайтыс болғаны үшін 8 қызметкерге 290 мың теңге;
  • Кәсіподақ мүшелеріне 1 010 000 теңге мөлшерінде емделу үшін көмек көрсету туралы кәсіподақтың Орталық кеңесіне 7 өтініш жіберілділіп қабылданды.

2015 жылы кәсіподақ мүшелеріне мерекелік күндер сыйақысы 1,542,157 теңге, ал 2016 жылы - 1 124 435 теңгені құрайды.

Кәсіподақ комитеті мәдени және спорттық іс-шараларға үлкен көңіл бөлінеді.

Мәселен, 2016 жылдың қараша айында «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы »АҚ орталық аппаратының, филиалдарының және филиалдарының қызметкерлері арасындағы Спартакиадаға қатысты. Кәсіподақ комитетінің шешімі бойынша «Қазтеміртранс» АҚ футбол командасы үшін бірыңғай спорттық киім сатып алуға қаржы бөлінді. Кәсіподақ ұйымының мүшелері және оларды бастаған кәсіподақ ұйымының төрағасы Сериков Замирмен ұжым Спартакиадаға белсене қатысты.
Балаларды қорғау күніне кәсіподақ мүшелерінің балаларына мерекелік іс-шаралар өткізіліді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар суреттерінің байқауы өтіп, сыйлық сертификаттар табысталынды.

Кәсіподақ комитеті «Қазтеміртранс» АҚ басшылығымен бірлесе отырып, Транспорт қызметкерлер күнін және Қарттар күнін мерекелеуге арналған мәдени іс-шараларды ұйымдастырды.

«Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік мәселелерін шешу және мәдени жұмыстарын ұйымдастыру үшін көп жұмыс атқарғанына қарамастан, кәсіподақ мүшелері кәсіподақты жеке және ұжымдық әлеуметтік және кәсіптік құқықтары мен мүдделерін шын мәнінде қорғайтын және беделді ұйым ретінде көргісі келеді , - дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы, «Қазтеміртранс» АҚ Кәсіподақтар Орталық кеңесінің өкілі Замир Серіков. 

- Бүгінде адамдар үшін өздерін кәсіби тұрғыдан қорғап, өздерінің жұмыс орындарын сақтап, лайықты жалақы алуға және болашаққа деген сенімділікті сезіну әлдеқайда маңызды.
Қазіргі уақытта кәсіподаққа Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексіне сәйкес беделі артып, оның мәртебесі мен «қызметкерлердің өкілі» ретіндегі ролі жаңартылды, ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында тиімді әлеуметтік диалогты қамтамасыз ететін негізгі құқықтық құжатқа айналды.

«Қазтеміртранс» АҚ кәсіподағы өз міндеттерін кең өкілеттіктерін жүзеге асыруда және ұйым мүшелерінің мүдделерін қорғауға, кәсіподақ мүшелеріне жұмыскерлерді тартуға түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде өз мүмкіндіктерін қарастырады. Әрине, кәсіподақ қатарын толықтыру үшін жалғыз хабардар болу жеткіліксіз. Кәсіподақ қатарына үздік үгітші ол - нақты іс. Біз осы бағытта жұмыс істейміз», - деп мәлімдеді Замир Серіков.