Экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ақпарат

Экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыстың негізгі бағыттары

  • «Қазтеміртранс» АҚ бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау

  • экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын өңдеу

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау, жеке және ұжымдық қорғаныс жағдайларын өңдеу және жақсарту бойынша қызметті ынталандыру жүйелерін құру және іске асыру

  • экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторингті іске асыру

  • өндірісте жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды болдырмау

  • экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау

  • ұйымның экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау

  • өндірісте жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау

  • ауыр жұмыс және еңбек жағдайы зиянды, қауіпті жұмыс үшін еңбек төлемі жағдайын белгілеу

  • экологиялық қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау және біліктіліктерін арттыру

  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау.

«Қазтеміртранс» АҚ-да қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жұмысы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне, «ҚТЖ» ҰК» АҚ нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі және ұйымдастыру, техника-әдістемелік, өндірістік, санитарлық-гигиеналық және басқа шаралар жиынтығы негізінде құрылады.

Бұдан басқа, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша істерді жақсарту, өндірістік жарақаттану оқиғаларының алдын алу мақсатында «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа модельдерін енгізу» бағдарламасы іске асырылды, соның аясында келесі стандарттар енгізілді:

  1. «Өндірістік қауіпсіздік саласында «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында қауіпсіздіктің міндездік диалогы»

  2. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында қауіп-қатерді және экологиялық аспектілерді сәйкестендіру, оларды бағалау және өндірістік қауіпсіздік саласында тәуекелдерді басқару»

  3. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында түпкі себептерін анықтаумен оқиғаларды басқару»

  4. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою»

  5. «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарында мердігер ұйымдармен жұмыстар орындалғанда қауіпсіздікті басқару».

Аталған стандарттар өндірістік қауіпсіздікті басқару, соның ішінде тасымалдау үдерісі қауіпсіздігі (қозғалыс қауіпсіздігі), қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жүйесі жетілуін қарастырады.

Жоғарыда белгіленген бағдарламаны іске асыру бойынша Толық жоспармен және Жол картасымен негізгі міндеттердің біреуі көзделген – персоналды өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа тиімді әдістеріне оқыту және жалпы Компания тобы бойынша ұйымдастыру периметрлерін қамтумен персоналдың қауіпсіз тәртіп мәдениетін дамыту.

Бұл оқыту ұйымның негізгі қызметінің өзара әрекеттесудің басқару процестерін қауіпсіздік талаптарымен дұрыс ұйымдастыруға, өндірістік қауіпсіздікпен басқару бойынша бірыңғай тәсілдермені анықтауға, білім, икемділік, дағды игерілуін, орындалатын қызметтер мен процестерде тікелей оқытылатын әлеуетті мүмкіндіктер дамуын бағыттауға, қауіпсіздік саласында мақсаттарды, негізгі көрсеткіштерін өңдеуге және іске асыруға мүмкіндік тудырады.

2017 жылы және 2018 жылдың бірінші тоқсан кезеңдерінде «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлерін оқыту кестесіне сәйкес өндірістік қауіпсіздікті басқарудың жаңа әдістерімен Қоғам қызметкерлерінің саны 705 адам таныстырылды және оқытылды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта белгіленген бағдарлама аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірістік қауіпсіздік процестерін автоматтандыру жобасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Қазтеміртранс» АҚ-да еңбек ұжымы атынан шығатын кәсіподақ комитеті және әкімшілік арасында Ұжымдық шарт жасалды.

Шартта еңбек және еңбекақы төлемі, жұмыс уақыты және демалу уақыты, еңбек төлемі және материалдық ынталандыру жүйесі, еңбекті қорғау және басқа да ұйымды дамытудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері бойынша негізгі ережелер мазмұндалады.

2017 жылы және 2018 жылдың 8 ай аралығында Қоғамда өндірістік жарақаттану оқиғалары болмаған.

«Қазтеміртранс» АҚ өз қызметін арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамту бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, арнайы тағам (сүт) беру, оқыту, қызметкермен еңбек (қызметтік) міндеттері орындалу барысында жазатайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру, өндірістік объектілерді аттестаттау және т.б. бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес іске асырады.

Компанияның филиалдарында арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамту 100%-ды құрайды.

Бұдан басқа, «Қазтеміртранс» АҚ 2005 жылы орталық аппаратында және Астана қаласында орналасқан филиалдарында Менеджменттің сапа жүйесін енгізді және 2006 жылы ISO 9001:2000 халықаралық стандарттың талаптарына МСЖ сәйкестігіне сертификат алды.

2007 жылғы желтоқсанда «Қазтеміртранс» АҚ орталық аппаратында және Астана қаласында орналасқан филиалдарында Экологиялық менеджмент жүйесін және Менеджменттің кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесін сертификаттау ойдағыдай өтті.

2008 жылғы сәуірде «Қазтеміртранс» АҚ ISO 14001:2004 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес Экологиялық менеджмент жүйесіне және OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес Менеджменттің кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесіне сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі – Сертификат) тапсырылды.

2014 жылғы қыркүйекте Қоғамның орталық аппаратында және Астана қаласында орналасқан филиалдарында Менеджменттің сапа жүйесін (ISO 9001:2008), Экологиялық менеджмент жүйесін (ISO 14001:2004) және