Директорлар кеңесінің шешімдері

2016 жылдың бірінші тоқсанында «Қазтеміртранс» АҚ-ның Директорлар кеңесімен  8 кезекті отырысы өткізілді де, 14 мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Отырыстарда мынандай мәселелер қаралды: Есеп саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қаржылық есепке аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметіне төлем қызметерінің мөлшерін анықтау, 2016 жылға арналған Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту, Басқарма мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестері мен акцияларын меншіктен шығаруды жүзеге асыру, «Қазтеміртранс» АҚ-ның сыйақысы мен кадрлар мәселелері бойынша Комитет құру,   «Өңірлік алға логистика» ЖШС-і мен «Астық – Транс» АҚ-ның қызметі туралы кейбір шешімдер қабылдау және т.б..   

2015 жылы Директорлар кеңесінің ерекше құзіретіне қатысты 49 мәселе бойынша шешім қабылданған Директорлар кеңесінің 15 отырысы өткізілді. Отырыстар 2015 жылға арналған Директорлар кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

2015 жылы Директорлар кеңесінің отырыстарында жыл бойы мынандай мәселелер: Басқарма құрамындағы өзгерістер, бюджетті реттеу, ішкі құжаттарды бекіту, аудитын жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау, еншілес компаниялардың қызметтерінің кейбір мәселелерін қаралды, тәуекелді басқару саласындағы құжаттарды бекіту және т.б..

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

«Қазтеміртранс» АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша (2016 ж. 25 наурызында № 7 протоколы) «Қазтеміртранс» АҚ-ның Директорлар кеңесінің сыйақылары және кадрлар мәселелері бойынша келесі құрамда Комитет құрылды:

Смаилов Е.Б. – Комитеттің төрағасы;

Мұхамеджанов Е.Н. – Комитеттің мүшесі;

Петров В.В. – Комитеттің мүшесі.

«Қазтеміртранс» АҚ-ның Кеңес мүшелерін сайлауға қатысты (2016 ж. 16.05. №1 протоколы) Комитеттің мүшелерімен  бір ұсынымдылық шешім қабылданды.

Комитет  білікті мамандарды Басқарма  мен Директор Кеңесі құрамына және Директорлар Кеңесі тарапынан тағайындалып, бекітілетін компаниядағы басқа да лауазымды қызметтерге  алу  жөніндегі  ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған.  Комитет Директорлар Кеңесі үшін  директорлар мен Басқарма мүшелерін және сондай-ақ,  Директорлар Кеңесі тарапынан тағайындалып, бекітілетін компаниядағы өзге де қызметкерлерлерді  марапаттау  туралы ұсыныстарды әзірлейді.

 ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЛАР

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлар мүшесі  – Смаилов Ерлан Байкенұлы және Мұхамеджанов Елтай Нұрболатұлы Қазақстан Республикасының заңындағы келтірілген «Акционерлік қоғам туралы» тәуелсіздік критерилеріне толығымен сәйкес келеді, сонымен қатар қажетті тәжрибеге және қаржы, заң және корпоративтік басқару мәселелеріндегі білімдеріне ие.

Компанияның тәуелсіз директорлары, жылдық қаржы есептілігінің Жалғыз акционері күнтізбелік жылға сәйкес жұмыс кезеңіне байланысты бекіткеннен кейін, жылына бір рет ақшалай сыйақы алады. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақыны төлеу шарттары мен тәртіптері Жалғыз акционерінің шешімімен анықталады.


 «Қазтеміртранс» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары
 «Қазтеміртранс» АҚ-ның кадрлар мәселесі және Директорлар кеңесінің сыйақылары жөніндегі комитетінің ережесі 
 «Қазтеміртранс» АҚ-ның Корпоративтік хатшысы туралы ереже